Халал қонақ үйлерБұл - Исламмен үйлескен таңғажайып саяхат
Қонақ үй таңдау
Халал қонақ үйлер. Олар ішімдіктердің берілмейтіндігімен ерекше. Ұсынылатын тағамдардың барлығына «Халал» сертификаты берілген. Барлық жиһаздар мұсылмандық талаптарға сай жасалған. Намаз оқитын бөлмесі де бар. Осы бетте БАӘ мен Түрік елінің халал қонақ үйін тауып брондауға да мүмкіндіктеріңіз бар.
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Халал қонақ үйлер басқа қонақ үйлерден несімен ерекшеленеді?
Тамақ және сусындар
Халал қонақ үйлерде ішімдік сусындары берілмейді. Қонақ үйдегі тағамдардың «Халал» сертификаты бар.
Арнайы киім үлгісі
Әйелдердің жеке жағажайда шомылуына, күнге күюіне, бассейндер мен хамамдарға, СПА - салондарына баруына болады. Ал жалпыға арналған жағажайларда мұсылмандық талаптарға сай келетін суға шомылуға арналған арнайы киім үлгісімен жүруіне тиым салынбайды.
Намаз оқуға арналған орын
Барлық халал қонақ үйлерде мешіттер бар. Және жеке бөлмелерде жайнамаздар мен Құран кітабы бар. Құбыла бағыты арнайы белгілмен көрсетілген.
Отбасылық аймақтар
Сондай-ақ халал қонақ үйлерді «отбасылық орын» деп те жатады. Өйткені ол жерде балаларды ойнатуға арналған алаңдарды жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Мусульманские отели

Халал туризм дегеніміз - Шариғат заңдары бойынша ұйымдастырылатын мұсылман қауымына бағытталған туризмнің бір түрі болып табылады. Халал қонақ үйлерінің айырмашылығы - қонақүй территориясында тұрғындарға алкогольдік сусындар құйылмайды әрі сатылмайды, барлық тамақ өнімдері Халал сертификаттарына ие. Сондай-ақ, қонақүйде намазханалар бар және демалыс орындары ислам нормаларына сәйкес жасалады.

Qazaq Travel туризмнің осы саласында мамандандырылған үздік халал қонақ үйлер тізімін ұсынады. Сіздерге БАӘ мен Түркияның халал қонақ үйлерін ұсынамыз, тізімнен керегін таңдап, демалыстарыңызды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік алыңыз.


Читать далее...

Азық-түлік және сусындар: тұтынушыларға алкоголь өнімдерін сату және қонақүй территориясында алкогольді сусындар ішуге тыйым салынады, клиенттерге тек ислам нормаларына сәйкес қызмет көрсететін қонақ үйлерде тіпті алкоголь қоспасы бар тәттілер мен ыстық тағамдар да дайындалмайды. Сондай-ақ, шошқа еті мен шошқа майын қосып тағамдар әзірлеуге қатаң тыйым салынған. Түркия мен БАӘ қонақүй аспаздары жылқы етінен тағамдар әзірлемейді. Қонақүйлерде ұсынылған барлық тағам түрінде ресми Halal сертификаттары бар.

Қонақүйдегі дресс-код: әйелдер еркектерден бөлек жеке жағажайларда суға түсетін ашық киіммен күнге қыздырынып, суда жүзіп, жеке және ашық бассейндерде шомылып, ванналар мен спа сияқты әйелдерге арнайы оқшауланған аймақтарда уақыт өткізе алады. Ал ерлер мен әйелдерге ортақ жағажайларда мұсылман әйелдер жабық киінуі шарт. Әйелдер суға арнайы жабық «буркини» деп аталатын жүзуге арналған киім киіп түсе алады, ерлер тізеден төмен түсіп тұратын жүзу шорттарын киеді.

Намазханалар: Halal қонақүйлердің басқа да көптеген қызметтерді ұсынатын қонақүйлерден басты айырмашылығы- ондағы арнайы намаз оқуға арналған бөлмелердің болуы. Кейбір қонақүйлердің ішінде тіпті жеке мешіттері де бар. Бөлмелерде Қасиетті Құран орналасқан, ал тұрғындарға жайнамаздар беріледі, қасиетті Кағбаның бағытын анықтап, бөлмелерде құбыланың бағыты көрсетіледі. Сіздің сұранысыңыз бойынша қонақүй қызметкерлері келесі намаздың уақытын ескертіп отыра алады.

Отбасылық аймақтар: халал қонақ үйлерді басқаша айтқанда «отбасылық қонақүй» деп те атауға болады, себебі балаларға арналған ойын-сауық аймағын ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Қонақ үйдің жас қонақтарына көрікті жерлер, балалар бассейндері мен қауіпсіз ойын алаңдары салынған.  Балалар аймағында қонақ үй аниматорлары бар, олар кез келген уақытта балаңызды қызықты ойындармен, байқаулармен және қызықтыратын оқиғалар айтып, балалардың көңілін көтере алады.

Ойын-сауық бағдарламасы, қойылымдар және басқа да іс-шаралар намаз уақытына байланысты құрылады.

Жайлылығы жағынан халал қонақ үйлер басқа бағыттағы қонақ үйлерден кем түспейді, бөлмелер қажетті жабдықтармен жабдықталған, дәретхана дәрет алу рәсімін дұрыс орындау үшін ыңғайландырып салынған. Әр күні қонақ үйдің техникалық қызметкерлері бөлмені тазалап, жинайды. Күнделікті тазалау уақытын анықтап, бекітіп, қабылдау бөліміне хабарлап айта аласыз. 

Халал қонақ үйлерінде мұсылман тәжірибелі мамандарды орналастырудың тағы бір артықшылығы - мұсылманға бағытталған тарихи экскурсиялар мен сапарлар. Қонақ үйлер мұсылмандарға, ескі мешіттерге және медреселерге арналған тарихи орындарға жолсапарлар мен турлар ұсынады. Қажет болған жағдайда, басқа бағыттар бойынша экскурсияларды, қалалар мен көрікті жерлерді экскурсиямен таңдай аласыз. Гиддер сізге жақындарыңызға естелік кәдесыйлар мен сыйлықтар таңдауға, шопинг жасауға көмектеседі және т.б.

Жұмыс реті: сіз сайтқа өтініш қалдырасыз және менеджер сізге хабарласады, қажетті құжаттар тізімін айтып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Сіз кеңсеге құжаттармен келіп, біз сізге виза жасатамыз. Қажет деп айтсаңыз, біз сізді әуежайға жеткіземіз. Әуежайда сізді біздің жолбастаушылар қарсы алады.