Мекке-Мәдинаға қалай баруға болады?
Мекке-Мәдинаға қалай баруға болады?

Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды, - деп жырлады.

Жыл жүріп жететін кезден де, «күн жарымда барғызған» уақыттан да өттік. Қазір әлемнің қай бұрышына барғың келсе де жол ашық. Телефонның бір пернесін басып билет ал да, бір сөмкеңді ұстап ұшып кете бер.

Бәріміздің ұшып кеткіміз келетін бір мекен бар. Әлем мұсылмандарының аңсары ауып, жүрегі бұрып тұрады. Ол – Мекке мен Мәдина. Мекке – қалалардың анасы. Ал Мәдина болса Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ол үшін дұға жасаған қасиетті қала.

Ендеше бұл қадірлі қалаларға қалай баруға болады?

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмір сүрген, қасиетті қылған шаһарларға барудың бірнеше жолы бар.

Заманында қажыларымыз Түркия, Біріккен Араб әмірліктері арқылы баратын. 16-18 сағаттық жол ұзақ болса да, бесінші парызды орындауға деген ниет алыс жолды жақындатып жіберетін еді.

Кейіннен Дубай, Шаржы т.б қалалар арқылы жететін жақын жол шығып, екі-үш есеге қысқарды.

Жеңіл көлікпен, велосипедпен сапарға шыққан қандастарымыз да баршылық.

Ал қазір бұл қалаларға "көзді ашып-жұмғанша" жететін төте жол бар. Яғни қазір Мекке-Мәдинаға да тікелей рейспен баруға болады.

Осы бір тамаша мүмкіндікті Алланың қалауымен SKAT әуе компаниясы жүзеге асырып отыр. Үш жыл бойы жүргізілген келіссөздерден соң биыл яғни 2019 жылы SKAT әуе компаниясы өз жұмысын бастады. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары арқылы ұшып, 4-5 сағатта мұсылмандардың сүйікті мекеніне табан тірейсіз. Ұшақ ішінде тегін тамақтандыру қызметі бар.  

Тікелей рейспен барудың артықшылықтары қандай?

Біріншіден, қасиетті қалаларға өзіңіз қалаған уақытта бара аласыз. SKAT әуе компаниясы аптасына екі рет тікелей рейспен ұшырады.

Екіншіден, қонақ үй мен тамақты өзіңіз таңдай аласыз.

Үшіншіден, қанша күн болам десеңіз де еркіңіз. Мүмкін бір-ақ күнде умра жасап қайтатын шығарсыз. Мүмкін бірнеше күн құлшылық еселенетін қалада Аллаға жақындағыңыз келетін шығар. Немесе Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен ілгерідегі ізгі адамдар өмір сүрген, Ислам өркениеті бастау алған орындарға экскурсия жасағыңыз келетін болар. Тіпті болмаса Сауд Арабиясының ірі сауда орталықтарынан сауда жасап, сүннет орындаймын десеңіз де өзіңіз білесіз. Жағажайда демалуды қаласаңыз бұл жақта керемет демалыс орындары жетерлік.

Біз Мекке-Мәдинаға барудың бірнеше жолын ұсындық. Таңдау еркі сізде. Qazaq travel компаниясы сіздің арманыңызды жүзеге асыру үшін сапалы қызмет жасайды.

Төмен баға! Жоғары сапа!

Мы в Instagram