Қажылық пен умраның айырмашылығы қандай?
Қажылық пен умраның айырмашылығы қандай?

2. Умраның шарттары ихрам, тауап жасау, Сафа мен Мәруа тауының арасында жүру және шаш алдыру немесе қысқарту.

Бұл амалдар үлкен қажылық кезінде де жасалады. Бірақ үлкен қажылықтың тағы басқа парыздары бар. Атап айтсақ: Арафатта тұру, ифада тауабын жасау.

Уәжіптері: Мұздалифада тұру, Минада шайтанға тас лақтыру, қоштасу тауабын жасау.

Сүннеттері: сәлем тауабы, Арафа түні Минада түнеу, Мұздалифада тұрғаннан кейін сол жерде түнеу және айт күндері Минада қону, Имамның құтба оқуы.

3. Қажылық - парыз. "Оның жолына шамасы келген кісіге Алла үшін Қағбаны зиярат етуі (қажылық жасауы) керек. Ал кім қарсы келсе Алла барлық әлемнен бай" ("Әли Имран" сүресі, 97-аят).

Ал умра - сүннет. Яғни сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жасаған амал. Біз сүннет орындау арқылы ардақты елшімізді (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жақсы көретінімізді, оған ұқсағымыз келетінін дәлелдейміз. Себебі сахих хадисте "умра умраға дейінгі аралықтағы күнәларды шаятыны" айтылған. "Ал қабыл болған қажылықтың сыйы - тек қана жәннат" (Бұхари, Муслим)

Қасиетті қағбаны зиярат етіп, кіші қажылықты өтегіңыз келсе @qazaq_travel компаниясы қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Аяулы арманыңызды бізбен бірге жүзеге асырыңыз. Төмен баға, жоғары сапа!

Мы в Instagram